О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 12 октября 2016 года № 714 «Об утверждении Правил получения отказа от субъектов производства драгоценных металлов или подтверждения уполномоченного органа о наличии такого отказа, а также условий для субъектов производства драгоценных металлов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 12 октября 2016 года № 714 «Об утверждении Правил получения отказа от субъектов производства драгоценных металлов или подтверждения уполномоченного органа о наличии такого отказа, а также условий для субъектов производства драгоценных металлов»
- Атауы (қаз.)
- «Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 431
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 I229560_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039767
- ЭКБ идентификаторы
- 229560
- Редакция идентификаторы
- I229560_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.09.2026 03:30
0 «Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды
немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14398 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интелект және цифралық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттар
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің м.а.
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 431
бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 12 қазандағы
№ 714 бұйрығымен
бекітілген
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды
немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру
субъектілері үшін шарттар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттар (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті адамдардың барлық бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу тәртібін анықтайды, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
2) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;
4) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) «Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 303 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13635 болып тіркелген).
2-тарау. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды алу немесе уәкілетті органнның мұндай бас тартудың бар екендігін растауын алу тәртібі, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілерге қойылатын талаптар
4. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті адам (бұдан әрі – әкетуге ниетті адам) бағалы металдарды өндіру субъектілеріне растайтын құжаттарын қосымшада тіркей отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті туралы өтінішін (бұдан әрі – өтініш) жібереді.
Әкетуді жасауға ниетті адам өтінішінде осындай шикізат тауарларын әкетудің болжамды көлемін көрсетеді.
Өтінішке Қазақстан Республикасында аккредиттелген сынақ зертханасы берген бағалы металдардың және негізгі компоненттің, сондай-ақ өтініш нысанында көрсетілген компоненттердің және қоспалардың құрамы туралы сынақ хаттамасының электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Өтініш Тізбеде тұрған бағалы металдарды өндіру субьектілеріне жіберіледі.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағына өтініш сәйкес келмеген жағдайда бағалы металдарды өндіру субъектісі өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкетуге ниетті адамға оны қарастырусыз қайтарады.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына өтініш сәйкес келген жағдайда бағалы металдарды өндіру субъектісі өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әкетуге ниетті адамға және уәкілетті органға төмендегі құжаттардың бірін жолдайды:
1) шикізат тауарларын қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау мақсатында оларды толық көлемде қабылдауға мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат);
2) шикізат тауарларының қалған көлемін қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бір мезгілде бас тартуды ұсына отырып, шикізат тауарларын ішінара көлемде қабылдауға мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат;
3) шикізат тауарларының толық көлемін қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту.
7. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту үшін мыналар негіз болуы мүмкін:
1) қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық тұрғыдан мүмкін болмауы, оның ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерге сәйкес келмеуі;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының ұсынылатын көлемін қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін өндірістік қуаттылықтың болмауы немесе жеткіліксіз болуы;
3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы.
Осы бас тарту осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
8. Бағалы металдарды өндіру субъектісінің бас тартуы өтініште мәлімделген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына қатысты, олардың түрін, ұсынылған сапалық сипаттамаларын және бас тартудың өзінде көрсетілген көлемін (санын) ескере отырып беріледі және мынаған:
- ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қазанынан кейін бас тарту ұсынылған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін;
- ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қазанынан кейін ұсынылған жағдайда, келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
Бағалы металдарды өндіру субъектісінің қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды кері қайтарып алуына жол берілмейді.
Бас тарту осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
9. Әкетуді жасауға ниетті адам осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде бағалы металдар өндіру субъектісінен жауап алмаған жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) және оны бағалы металдар өндіру субъектілерінің алғаны туралы белгісін қоса бере отырып, уәкілетті органға «E-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы ұсынады.
9-1. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген өтініштің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бағалы металдарды өндіру субъектісіне осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ақпаратты және (немесе) бас тартуды ұсыну туралы сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) жолдайды.
9-2. Бағалы металдарды өндіру субъектілері осы Қағидалардың 9-1-тармағында көзделген сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес уәкілетті органға ақпаратты және (немесе) бас тартуды (бұдан әрі – жауап) ұсынады.
9-3. Уәкілетті орган жауап келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген көшірмені әкету жасауға ниетті адамға жолдауды қамтамасыз етеді.
10. Өтініш осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес болған және бағалы металдарды өндіру субъектілері осы Қағидалардың 9-2-тармағында белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жауап берілмегені туралы актіні ресімдейді және әкетуді жасауға ниетті адамға жолдайды, бұл осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес бас тарту болып есептеледі.
11. Алып тастау.
12. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ресімделген Жауап берілмегені туралы акт ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін
13. Бағалы металдарды өндіру субьектісі мынадай талап шарттарды орындамаған кезде бас тартуды ұсынған болып есептеледі:
1) әкетуді жасауға ниетті адамға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде ақпаратты немесе бас тартуды ұсынуы;
2) уәкілетті органға осы Қағидалардың 9-2-тармағында көрсетілген мерзімде ақпаратты немесе бас тартуды ұсынуы.
1.1 Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті туралы өтініш
Бағалы металдарды өндіру
субъектілерінен бас тартуды
немесе осындай бас тартудың бар
екені туралы уәкілетті органның
растамасын алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
____________________________
(бағалы металдарды өндіру субъектісінің атауы)
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
әкетуге ниеті туралы өтініш
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
______________________________________________,
(жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі не заңды адамлардың атауы, орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі Қазақстан Республикасының аумағынан мынадай шикізатты әкетуге ниетім бар)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________________________
(бағалы металдардың және негізгі компоненттің құрамы жалпы салмағымен бірге көрсетілген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының түрі)
________________________________________________________________
(құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарының жалпы салмағы және қайта өңдеу және (немесе) аффинаждаудың технологиялық мүмкіндігіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін құрамдас бөліктер мен қоспаларды (Cu, Au, Ag, S, Pb, SiO₂, Fe, CaO, Al₂O₃, Zn, As, Hg, Cd, жалпы С, органикалық С, сондай-ақ ылғалдың мөлшері мен кен үшін фракциялық құрамын) көрсете отырып, оның келесі сапалық сипаттамалары (растайтын құжаттар қоса беріледі)):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сапалық сипаттамалары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14398 болып тіркелген) Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Қағидалардың 6-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде, жоғарыда көрсетілген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын толық немесе ішінара көлемде қабылдауға мүмкіндігі бар екені туралы ақпаратты немесе жоғарыда көрсетілген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды ұсынуды сұрайды.
Қосымшалар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(ұсынылатын күніне дейінгі мерзімі 6 (алты) айдан аспайтын, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сапалық сипатын растайтын қоса берілген құжаттардың тізбесі).
____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
бірінші басшының (міндеттерін атқаратын адамның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
МО
__________________________
Күні, қолы
Өтініштің қабылданғаны туралы белгі:
_______________________________________________________________
қабылданған күні, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
1.2 Шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту
Бағалы металдарды өндіру
субъектілерінен
бас тартуды немесе осындай бас
тартудың бар екені туралы уәкілетті
органның растамасын алу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
________________________________
________________________________
________________________________
(Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті бар субъектінің атауы)
Шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту
____жылғы ___________ №____ (өтініштің шығыс нөмірі мен күні) өтінішке жауап ретінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14398 болып тіркелген) Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту туралы хабарлаймыз (қажеттісін белгілеңіз ☐).
☐ қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық тұрғыдан мүмкін болмауы, оның ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерге сәйкес келмеуі;
☐ құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының ұсынылатын көлемін қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін өндірістік қуаттылықтың болмауы немесе жеткіліксіз болуы;
☐ құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы;
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бағалы металдардың құрамы жалпы салмағымен бірге көрсетілген құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрі).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(шикізат тауарларының сапалық сипаты)
_____________________________________________________________________
(құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының жалпы салмағы)
_________________________________
_________________________________
_________________________________
бірінші басшының (міндеттерін атқаратын адамның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
МО
________________________
Күні, қолы
Хаттың қабылданғаны туралы белгі:
__________________________________________________________________
қабылданған күні, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
1.3 Жауап берілмегені туралы акт
Бағалы металдарды өндіру
субъектілерінен
бас тартуды немесе осындай бас
тартудың бар екені туралы уәкілетті
органның растамасын алу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
Жауап берілмегені туралы акт
______________ қ. 20___ жылғы «___» ________
Осы акт ________________________________ (уәкілетті органның атауы) төмендегілер туралы жасалды.
__________________________________________ (Бағалы металдарды өндіру субъектісінің атауы) атына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14398 болып тіркелген) Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау мақсаттары үшін толық немесе ішінара қабылдау мүмкіндігі туралы ақпаратты ұсыну немесе құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту туралы ақпаратты ұсыну жөнінде 20__ жылғы «___» __________ №_____ (шығыс нөмірі мен күні) сұрату хат жолданды.
Осы акт жасалған күнгі жай-күйі бойынша ақпаратты және/немесе бас тартуды қамтитын жауаптың көшірмесі уәкілетті органның атына ұсынылған жоқ.
___________________________________________
(Жауапты орындаушы)
___________________________________________
(Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
__________________________________________
(Уәкілетті орган басшысының және (немесе) уәкілетті адамсының лауазымы)
_________________________
(қолы)
__________________________
(қолы)
__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)