Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района Актюбинской области от 12 января 2016 года № 8 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 300 · қабылданған 10.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2016-no-8-ekb-161980/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района Актюбинской области от 12 января 2016 года № 8 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 300 ·10.12.2021
10.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района Актюбинской области от 12 января 2016 года № 8 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 300 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района Актюбинской области от 12 января 2016 года № 8 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
300
Қабылданған күні
10.12.2021
Көрсетілген редакция
10.12.2021 161980_558820.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CH025864
ЭКБ идентификаторы
161980
Редакция идентификаторы
161980_558820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:08

0

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Мәртөк аудандық маслихаты

4 Мәртөк ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 300 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы
Мәртөк ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «12» қаңтардағы
№ 8 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3 3) Аудандық маңызы бар жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы;

4 4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары,орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

5

5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

6 6) ассистент.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

4

4) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтердің), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші, хореограф.

Қолданыстағы