О внесении изменения в решение областного маслихата от 12 декабря 2016 года № 84 «Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата от 12 декабря 2016 года № 84 «Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 17.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2022 170996_588558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22C0029216
- ЭКБ идентификаторы
- 170996
- Редакция идентификаторы
- 170996_588558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:36
0 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың
2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІ:
1 1. «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5237 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 тіркелген) бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпшілік демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның салаларынан қашықтықта орналасқан нысандар мен өндірістің қауіптілік класына байланысты арнайы жабдықталған (жабық) орындарда асырау керек.».