Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 12 апреля 2017 года № 133 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Мугалжарскому району на 2017 год»

Қаулы · № 464 · қабылданған 08.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-133-2017/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 12 апреля 2017 года № 133 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Мугалжарскому району на 2017 год» Күшін жойған Қаулы ·№ 464 ·08.12.2017
31.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 12 апреля 2017 года № 133 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Мугалжарскому району на 2017 год»

Күшін жойған Қаулы ·№ 464 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 12 апреля 2017 года № 133 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Мугалжарскому району на 2017 год»
Атауы (қаз.)
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 «Мұғалжар ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
464
Қабылданған күні
08.12.2017
Көрсетілген редакция
31.05.2019 116850_409622.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CI005741
ЭКБ идентификаторы
116850
Редакция идентификаторы
116850_409622
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:56

0 Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 «Мұғалжар ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 «Мұғалжар ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 тіркелген, 2017 жылғы 11 мамырда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданы бойынша жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»;
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері /теңге/» төртінші бағаны алынып тасталсын.

2 2. «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Құлмағамбетовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы