Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 декабря 2017 года № 133 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе»

Өзге акт · № 374 · қабылданған 19.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-133-ekb-137469/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 декабря 2017 года № 133 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 374 ·19.12.2019
05.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 декабря 2017 года № 133 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 374 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 декабря 2017 года № 133 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе»
Атауы (қаз.)
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 133 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
374
Қабылданған күні
19.12.2019
Көрсетілген редакция
05.04.2024 137469_695123.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CI006594
ЭКБ идентификаторы
137469
Редакция идентификаторы
137469_695123
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:16

0 Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 133 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 133 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5770 тіркелген, 2018 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағында:
1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.»;
3-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.».

2 2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы