Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнении в решение маслихата района Т. Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т. Рыскулова»

Ереже · № 43-8 · қабылданған 14.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-14-5-ekb-133218/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнении в решение маслихата района Т. Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т. Рыскулова» Күшін жойған Ереже ·№ 43-8 ·14.06.2019
30.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнении в решение маслихата района Т. Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т. Рыскулова»

Күшін жойған Ереже ·№ 43-8 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнении в решение маслихата района Т. Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т. Рыскулова»
Атауы (қаз.)
«Т. Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т. Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2017 жылдың 12 сәуірдегі № 14-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43-8
Қабылданған күні
14.06.2019
Қолданысқа енгізілген күні
18.07.2019
Көрсетілген редакция
30.10.2023 133218_664873.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GH004267
ЭКБ идентификаторы
133218
Редакция идентификаторы
133218_664873
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:31

0 «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы»

Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2017 жылдың 12 сәуірдегі №14-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2017 жылдың 12 сәуірдегі №14-5 шешімімен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қағидананың 7 тармағының алтыншы абзацысындағы «9 мамырға:» деген бөлігі Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74-жылдығына орай қосымша бір жолғы әлеуметтік көмектерді төлеу үшін мынадай сөздермен толықтырылсын:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
- қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға 70000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;
- екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 70000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;
- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 35000 (отыз бес мың) теңге мөлшерінде;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 35000 (отыз бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

2. Қағиданың 21 тармағы алып тасталынсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы