Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова»

Ереже · № 53-11 · қабылданған 20.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-14-5-ekb-142293/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова» Күшін жойған Ереже ·№ 53-11 ·20.04.2020
30.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова»

Күшін жойған Ереже ·№ 53-11 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова»
Атауы (қаз.)
«Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуірдегі № 14-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53-11
Қабылданған күні
20.04.2020
Қолданысқа енгізілген күні
09.05.2020
Көрсетілген редакция
30.10.2023 142293_664861.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GH004588
ЭКБ идентификаторы
142293
Редакция идентификаторы
142293_664861
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:54

0 «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуірдегі № 14-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуірдегі № 14-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қағиданың 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) 15 ақпан – бұрынғы КСР Одағының әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарған күніне орай - Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
2) 26 сәуір – Чернобыль АЭС-індегі апаттың болған күніне орай - Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
3) 9 мамырға – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;
4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай - азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді».
Қағиданың 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«9. Өтініші бойынша мерзімді әлеуметтік көмек:
отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда емін жалғастырушы науқасқа ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде және АИТВ-инфекциясы бар балаларға ай сайын екі еселенген ең төменгі көнкөріс деңгейі мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі».

2. Қағиданың 11-тармағының 2) тармақшасы алып тасталынсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы