Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова»

Ереже · № 3-8 · қабылданған 19.03.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-14-5-ekb-153834/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова» Күшін жойған Ереже ·№ 3-8 ·19.03.2021
30.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова»

Күшін жойған Ереже ·№ 3-8 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 12 апреля 2017 года № 14-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по району Т.Рыскулова»
Атауы (қаз.)
«Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуіріндегі № 14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-8
Қабылданған күні
19.03.2021
Қолданысқа енгізілген күні
09.04.2021
Көрсетілген редакция
30.10.2023 153834_664871.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21GH004922
ЭКБ идентификаторы
153834
Редакция идентификаторы
153834_664871
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:08

0 «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуіріндегі №14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуіріндегі №14-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасының
3-тармағының 7) тармақшасына келесі өзгерістер енгізіліп және келесі редакцияда жазылсын:
«7) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
7 тармағының 1) тармақшасына келесі өзгерістер енгізіліп және келесі редакцияда жазылсын:
«1) 15-ақпан – бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарған күніне орай – Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы