О внесении изменений в постановление акимата от 12 июня 2017 года № 1700 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Костаная»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 12 июня 2017 года № 1700 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Костаная»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1700 «Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2285
- Қабылданған күні
- 30.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 151265_502648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NA009691
- ЭКБ идентификаторы
- 151265
- Редакция идентификаторы
- 151265_502648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:10
0 Әкімдіктің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1700 «Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің «Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1700 қаулысына (2017 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы»;
қазақ тіліндегі 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 37-үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін 23,40 (жиырма үш теңге қырық тиын) мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.».