Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Темирского района от 12 сентября 2017 года № 195 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Темирского района»

Қаулы · № 51 · қабылданған 18.03.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-195/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Темирского района от 12 сентября 2017 года № 195 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Темирского района» Күшін жойған 22.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в постановление акимата Темирского района от 12 сентября 2017 года № 195 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Темирского района»

Күшін жойған Қаулы № 51 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Темирского района от 12 сентября 2017 года № 195 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Темирского района»
Атауы (қаз.)
Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 «Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
18.03.2021
Көрсетілген редакция
22.08.2022 153675_591285.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CJ008145
ЭКБ идентификаторы
153675
Редакция идентификаторы
153675_591285
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:10
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 «Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 «Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5658 тіркелген, 2017 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыcына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Темір ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Темір ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 51 қаулысына қосымша
Темір ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «12» қыркүйектегі
№ 195 қаулысына қосымша
Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзегеасыру үшiн арнайы бөлінген орындар

Елді мекендердің атауы
Көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Ақсай ауылдық округі
1
Ақсай ауылы
Төсбұлақ көшесі, № 4
Ақсай ауылдық Мәдениет үйінің алды
Алтықарасу ауылдық округі
2
Алтықарасу ауылы
Астана көшесі бойындағы №16 үйдің сол жағы
Жақсымай ауылдық округі
3
Шұбарқұдық ауылы
Мектеп көшесі, №7 үйдің алды
4
Шұбарқұдық ауылы
Мектеп көшесі, №14 үйдің алды
Қайынды ауылдық округі
5
Құмқұдық ауылы
Мектеп көшесі бойындағы №11 үйдің сол жағы
Кеңестуы ауылдық округi
6
Қопа ауылы
Мектеп көшесі, №15 үйдің алды
7
Қопа ауылы
Орталық көшесі, №6Б үйдің алды
Саркөл ауылдық округі
8
Шұбарши кенті
Геолог көшесі №27А бойындағы «Жекей» сауда үйінің қарама-қарсы беті
Тасқопа ауылдық округі
9
Тасқопа ауылы
Астана көшесі №17 бойындағы «Әсем» дүкенінің сол жағы
Темір қаласы
10
Темір қаласы
М.Маметова көшесі №20 бойындағы «Жомарт» дүкенінің алды
Кеңқияқ ауылдық округі
11
Кеңқияқ ауылы
Балуанов көшесі №27 мекенжайында орналасқан ғимараттың арты
Шұбарқұдық ауылдық округі
12
Шұбарқұдық кенті
Нұрпейіс Байғанин көшесі №1 бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің арты
13
Шұбарқұдық кенті
Нұрпейіс Байғанин көшесі №83 бойындағы «Ханым» дүкенінің оң жағы
14
Шұбарқұдық кенті
Қызылжар шағын ауданы №4Е учаскесі
«Люкс» монша ғимаратының алды
15
Шұбарқұдық кенті
Асау барақ көшесі №7 мекенжайында орналасқан ғимараттың алды