О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан»
- Атауы (қаз.)
- «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 485/63-VI
- Қабылданған күні
- 28.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2023 142528_662054.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20A0001267
- ЭКБ идентификаторы
- 142528
- Редакция идентификаторы
- 142528_662054
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:45
0 «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасы туралы»
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы
12 желтоқсандағы № 221/25-VI
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін және мөлшерін белгілеудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілді:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Осы Қағиданың 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.»;
37-тармақтағы «(не болмаса алдыңғы)» деген сөздер алып тасталсын;
44-тармақтағы «өтініш» деген сөз алып тасталсын;
52-тармақтың 1) тармақшасыындағы «табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға» деген сөздер «табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға (аналарға)» деген сөздермен ауыстырылсын.