О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан»
- Атауы (қаз.)
- «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178/25-VII
- Қабылданған күні
- 25.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2023 168391_662048.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22A0028313
- ЭКБ идентификаторы
- 168391
- Редакция идентификаторы
- 168391_662048
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:46
0 «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. 9 мамырға (Жеңіс күні) әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 67 АЕК;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;
басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;
басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне – 11 АЕК.»;
39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«39. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:
жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК;
отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 150 АЕК мөлшерінде ұсынылады.»;
4-бөлімнің 4-тарауының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негізінде және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек»;
50-2 тармақпен толықтырылсын:
«50-2. Әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсына отырып, өтініш бойынша босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі және қайта ұсынылмайды.»;
51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«51. Осы Қағиданың 43, 50, 50-1-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар және 50-2-тармағында көрсетілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.».