Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан»

Ереже · № 198/27-VII · қабылданған 30.06.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-22125-vi-ekb-169661/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан» Күшін жойған Ереже ·№ 198/27-VII ·30.06.2022
03.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан»

Күшін жойған Ереже ·№ 198/27-VII · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Нур-Султан»
Атауы (қаз.)
«Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198/27-VII
Қабылданған күні
30.06.2022
Көрсетілген редакция
03.10.2023 169661_662038.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22A0028735
ЭКБ идентификаторы
169661
Редакция идентификаторы
169661_662038
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:11

0 «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
52-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) шипажайлық-курорттық емделу:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы
1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте ақталған қатысушылар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;
жолдама құнының 25%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;
жолдама құнының 18%-ын төлеумен еңбек ардагерлеріне, ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге;».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы