Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны»

Ереже · № 16/2-VIII · қабылданған 12.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2017-no-22125-vi-ekb-180150/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны» Күшін жойған Ереже ·№ 16/2-VIII ·12.04.2023
03.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны»

Күшін жойған Ереже ·№ 16/2-VIII · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 221/25-VI «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/2-VIII
Қабылданған күні
12.04.2023
Көрсетілген редакция
03.10.2023 180150_662052.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23AAZ13360
ЭКБ идентификаторы
180150
Редакция идентификаторы
180150_662052
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:54

0 «Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
15-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«15. 35 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек:
15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күні) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;»;
26 сәуірде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні) – Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа да адамдарға беріледі.»;
17-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«17. 25 қазан (Республика күні) күніне табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшерінде ұсынылады.»;
37-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«37. Әлеуметтік көмектің көлемі 20 АЕК аспайтын өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.»;
52-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«2-1) санаторлық-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру:
абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) алып жүруші адамдарға;»;
1-қосымшадағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-қосымшадағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
3- қосымша алып тасталсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы