О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 12 июня 2017 года № 339 «Об утверждении нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда в гражданской авиации» и в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 22 июля 2019 года № 525 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки и поддержания квалификации авиационных инспекторов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 12 июня 2017 года № 339 «Об утверждении нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда в гражданской авиации» и в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 22 июля 2019 года № 525 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки и поддержания квалификации авиационных инспекторов»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығына және «Авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 24.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2023 178886_646863.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031981
- ЭКБ идентификаторы
- 178886
- Редакция идентификаторы
- 178886_646863
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:19
0
«Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығына және «Авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
2
2. «Авиациялық инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Авиация инспекторларын даярлау уәкілетті ұйыммен бекітілген бастапқы даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Даярлықтың мерзімділігі мен көлемін уәкілетті ұйымның ішкі актісімен белгіленеді және бекітіледі.
7. Кәсіптік даярлық және біліктілігін ұстап тұру курстарынан өткенен кейін авиация инспекторларына авиациялық оқу орталығы тиісті курсты өткендігін растайтын құжатты (сертификатты) қағаз және (немесе) электрондық түрде береді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Авиация инспекторларының кәсіптік даярлықтан өтуі және біліктілікті ұстап тұруы туралы ақпаратты есепке алуды (жазбаларды сақтауды) уәкілетті ұйымның кадр қызметі ақпаратты электрондық түрде сақтай отырып жүзеге асырады.
Бұл ретте авиациялық инспекторларының даярлығының деңгейі және кәсіптік қызметі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.».
3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі