О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 июля 2017 года № 347 «Об утверждении Правил начальной военной подготовки»
Қолданыста
Бұйрық
·№ 226
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 июля 2017 года № 347 «Об утверждении Правил начальной военной подготовки»
- Атауы (қаз.)
- «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 17.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2023 179223_623108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032119
- ЭКБ идентификаторы
- 179223
- Редакция идентификаторы
- 179223_623108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:10
0 «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастапқы әскери дайындық қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бастапқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақ білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде өткізіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрықалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі