О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2017 года № 440 «Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2017 года № 440 «Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 «Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 424
- Қабылданған күні
- 19.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2023 124973_633446.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005953
- ЭКБ идентификаторы
- 124973
- Редакция идентификаторы
- 124973_633446
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:11
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 «Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-2) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16137 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 «Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5776 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде 2018 жылғы 04 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 424 қаулысына
қосымша
Ақтөбе облысының әкімдігінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 440 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Білім алушылар саны
Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
1
100
832 029,00