О внесении изменения в решение Сырдарьинского районного маслихата от 12 сентября 2017 года №124 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Сырдарьинского районного маслихата от 12 сентября 2017 года №124 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №124 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 164
- Қабылданған күні
- 22.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2021 117752_554967.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LH006112
- ЭКБ идентификаторы
- 117752
- Редакция идентификаторы
- 117752_554967
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:36
0 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшерi
мен тәртiбiн айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының
2017 жылғы 12 қыркүйектегі №124 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) - тармақшасына және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабына сәйкес Сырдария аудандық маслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №124 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 5973 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 06 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) 25-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.».