О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 12 июля 2017 года №832 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 12 июля 2017 года №832 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов»
- Атауы (қаз.)
- «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №832 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1317
- Қабылданған күні
- 05.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2020 129069_444462.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006673
- ЭКБ идентификаторы
- 129069
- Редакция идентификаторы
- 129069_444462
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:11
0 «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №832 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №832 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5905 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «05» ақпандағы
№1317 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы «12» шілдедегі
№832 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – субсидия аудару туралы хабарлама немесе «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15136 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушымен портал арқылы электрондық құжат нысанында сұраныс жолдауы.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті алушы электронды цифрлық қолтанбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына өтінімнің қарастыруға келіп түскені туралы электрондық мәлімдеме жолданады (бұдан әрі - электрондық сұраныс). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімнің қарастыруға келіп түскені туралы электрондық мәлімдеме;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен электрондық сұраныстың қабылданғанын растайды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің
(іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаның көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімділігі;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия аудару туралы хабарламаны немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды
(екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: субсидия аудару туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартудыкөрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдау.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
18 «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге
арналған шығындарын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы