О внесении изменений в постановление акимата Курмангазинского района от 12 апреля 2018 года № 115 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Курмангазинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Курмангазинского района от 12 апреля 2018 года № 115 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Курмангазинского района»
- Атауы (қаз.)
- Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 115 «Құрманғазы ауданы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 11.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2023 164443_629243.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22TH00081A
- ЭКБ идентификаторы
- 164443
- Редакция идентификаторы
- 164443_629243
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:30
0 Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 115 «Құрманғазы ауданы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 115 «Құрманғазы ауданы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Құрманғазы ауданы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) 5-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
2) 41 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.» деген сөздермен өзгертілсін;