О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 168 «Об утверждении образцов форменной одежды, перечня работников органов государственных доходов, имеющих право ношения форменной одежды, натуральных норм обеспечения ею и знаков различия, а также Правил ее ношения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 168 «Об утверждении образцов форменной одежды, перечня работников органов государственных доходов, имеющих право ношения форменной одежды, натуральных норм обеспечения ею и знаков различия, а также Правил ее ношения»
- Атауы (қаз.)
- «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 464
- Қабылданған күні
- 18.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2021 156057_525737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022781
- ЭКБ идентификаторы
- 156057
- Редакция идентификаторы
- 156057_525737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:05
0 «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесінде:
11-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидаларында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген. Пиджак қалталарының қақпалары сыртқа шығарылған.
8. Теріден жасалған құлақшын бөрік, фуражка, берет төменгі жиегі қастың үстінен бір-екі елі биіктікте болатындай етіп, ал фуражканың күн қағары – қастың деңгейінде киіледі. Кокарданың ортасы қастың ортасына орналасады. Барлық бас киімдер қисайтылмай тік киіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.