О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 апреля 2018 года № 206 «Об утверждении Правил присвоения очередных воинских званий военнообязанным»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 апреля 2018 года № 206 «Об утверждении Правил присвоения очередных воинских званий военнообязанным»
- Атауы (қаз.)
- «Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 08.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2021 151543_505507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022056
- ЭКБ идентификаторы
- 151543
- Редакция идентификаторы
- 151543_505507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:58
0 «Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы
12 сәуірдегі № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16841 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Офицерлер құрамының әскери міндеттілеріне әскери атақтар және жоғары сержанттар құрамына «шебер-сержант» әскери атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен, жоғары сержанттар құрамының «штаб-сержант» әскери атағы және аға сержанттар құрамына – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтарымен, қатардағы жауынгерлер және кіші сержанттар құрамдарына – олардың базасында әскери жиындар өткізілетін әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің (бастықтарының) бұйрықтарымен беріледі.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әскери міндеттілерге офицерлер құрамының кезекті әскери атақтарын және офицерлер құрамының алғашқы «лейтенант» әскери атағын беру туралы шешім қабылдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар Қазақстан Републикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына жолданады.
10. Жоғары және аға сержанттар құрамдарының әскери міндеттілеріне кезекті әскери атақтар беру туралы шешім қабылдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына жолданады.»;
11-тармақ алып тасталсын.