О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 июля 2018 года № 298 «Об утверждении нормативов промыслового усилия»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 июля 2018 года № 298 «Об утверждении нормативов промыслового усилия»
- Атауы (қаз.)
- «Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 250
- Қабылданған күні
- 11.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2023 186186_653640.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033422
- ЭКБ идентификаторы
- 186186
- Редакция идентификаторы
- 186186_653640
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:53
0 «Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17257 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік күш-жігер нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
8 Балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі кәсіпшілік күш жігер нормативтері
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 250 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 12 шiлдедегi
№ 298 бұйрығына
қосымша
Балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі кәсіпшілік күш жігер нормативтері
Су айдындары
Саны*
қойылмалы аулардың
жылымдардың (үйінді және/немесе қойылмалы)
қабадалар
балықшылар
кемелер
қайықтар
Жайық өзені **
-
32
-
320
32
96
Қиғаш өзені **
-
28
-
280
28
84
Киғаш өзенінің сағалық кеністігі
3525
-
8225
591
20
197
Каспий теңізі Маңғыстау облысы шегінде
9504
61
609
821
61
411
Жайсан көлі
2778
42
-
817
42
283
Бұқтырма су қоймасы
2925
11
-
528
11
231
Шүлбі су қоймасы
848
10
-
182
-
71
Өскемен су қоймасы
146
-
-
22
-
11
Шардара су қоймасы
892
22
-
266
22
89
Кіші Арал теңізі
4500
10
-
960
10
460
Сырдария өзені
80
4
-
64
4
24
Алакөл көлі
450
5
-
115
5
50
Сасықкөл көлі
580
5
-
141
5
63
Кошқаркөл көлі
90
1
-
23
1
10
Балқаш көлі
3600
54
-
684
108
180
Қапшағай су қоймасы
бір балықшыға
15
бір учаскеге
10
-
1 шақырым учаскенің ұзындығына***
2
бір учаскеге
10
1 шақырым учаскенің ұзындығына***
2
Ескертпелер: * - Қапшағай су қоимасын есепке алмағанда, балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.
Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Nкн = Nбекіт x Квота / Лимит,
мұндағы Nкн - балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік.);
Нбекіт - су айдынындағы кәсіпшілік күш-жігердің бекітілген нормативі (бірлік);
Квота - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна).
Лимит - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна).
** - Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігердің нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмағанда).
*** – балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес жаға бойынша учаскенің ұзындығы.