Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования»

Бұйрық · № 94 · қабылданған 29.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2018-no-564-ekb-196246/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 94 ·29.04.2024
29.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 94 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования»
Атауы (қаз.)
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
94
Қабылданған күні
29.04.2024
Көрсетілген редакция
29.04.2024 196246_697802.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034318
ЭКБ идентификаторы
196246
Редакция идентификаторы
196246_697802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:44

0 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы

№ 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
9-7-тармақ алып тасталсын;
18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1. Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
аналары «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтың органдарының, «Дарын» орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.»;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Оқуға түсушілерге арналған тестілеу:
1) 5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
2) 6-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 35 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;
Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
3) 7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 55 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;
Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
4) 8-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 85 сұрақтан тұрады (қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін):
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;
қазақ тілі мен әдебиет – 40 сұрақ.
5) 10-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 95 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 60 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
Қазақстан тарихы - 25 сұрақ.
34. Тестілеуге бөлінген уақыт 5-сыныпта – 60 минут, 6-сыныпта – 90 минут, 7-сыныпта – 120 минут, 8-сыныпта – 150 минут, 10-сыныпта – 180 минут (тест материалдарын тарату, Жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді).»;
45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«45. 8,10-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 23890 болып тіркелген) Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды.
46. Дарынды балалардың әскери іс, спорт, өнер, тіл мен әдебиет негіздерін терең игеруіне бағытталған білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған білім беру ұйымдары мектеп Жарғысына сәйкес функционалды кәсіби, психологиялық, шығармашылық және физиологиялық мәліметтерді ескере отырып, үміткерлердің екінші турын өткізеді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздеме
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.
»;
қосымшаға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымшада:
қосымшаға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы