О внесении изменений постановление акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 12 марта 2018 года № 6 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов Бурлинского района, финансируемых из районного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений постановление акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 12 марта 2018 года № 6 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов Бурлинского района, финансируемых из районного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 203
- Қабылданған күні
- 31.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2023 169004_625810.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ZC00203A
- ЭКБ идентификаторы
- 169004
- Редакция идентификаторы
- 169004_625810
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:39
0 Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5104 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) 40 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«40. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»