О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 12 апреля 2019 года № 03 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 12 апреля 2019 года № 03 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 20.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2024 194825_690575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24RE175702
- ЭКБ идентификаторы
- 194825
- Редакция идентификаторы
- 194825_690575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:29
0 Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ШЕШТІМ:
1 1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
1 1) осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес № 313, 314, 315, 316, 324, 331, 335, 338, 341, 344, 345, 346, 347, 349, 353, 355, 356 сайлау учаскелерінің шекаралары өзгертілсін;
2 2) осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес жаңадан ашылған № 653 сайлау учаскесімен толықтырылсын.
2 2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
9 2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 1 шешімге
№1 қосымша
Шекаралары: Рысқұлов даңғылының жұп жағымен Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесінің тақ жағымен Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесінен Райымбек даңғылына дейін № 243г, 243в, 243/1, 243 үйлерді қоса алғанда; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін.
Шекаралары: Корнилов көшесінен Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесімен оңтүстікке қарай (оңтүстік-батыс жағы) Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Гончаров көшесіне дейін; Гончаров көшесімен солтүстікке қарай (солтүстік-шығыс жағы) Корнилов көшесіне дейін; Корнилов көшесімен батысқа қарай (екі жағы) Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін.
Шекаралары: Рысқұлов даңғылынан Есентай өзенінің батыс жағалауымен оңтүстікке қарай; Есентай өзенінің бойымен № 66 және № 68 үйлер арасымен Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесінің жұп жағымен Казаков көшесіне дейін; Крылов көшесінен Казаков көшесінің жұп жағымен Брюсов көшесіне дейін; Брюсов көшесінен жұп жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік жағы) Кудерин көшесіне дейін; Кудерин көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін.
Шекаралары: Крылов көшесінен Столетов көшесімен шығысқа қарай (екі жағы) Гончаров көшесіне дейін; Гончаров көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Стадионная көшесіне дейін Чаплыгин көшесі №1/2 және 1/1 үйлерді қоса алғанда; Гончаров көшесінен Стадионная көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Столетов көшесіне дейін.
Шекаралары: Рысқұлов даңғылынан Бөкейханов көшесімен (екі жағы) Табиғат көшесіне дейін; Табиғат көшесінің тақ жағымен № 31 үйге дейін; Табиғат көшесінен Серіков көшесімен Үлкен Алматы каналына дейін; Үлкен Алматы каналынан оңтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Үлкен Алматы каналынан Қазыбаев көшесінің батыс жағымен (екі жағы) Рысқұлов даңғылына дейін; Қазыбаев көшесінен Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін.
Шекаралары: Рысқұлов даңғылынан Солтүстік айналма тас жолының батыс жағымен Бөкейханов көшесінің қиылысына дейін; Бөкейханов көшесінен Табигат көшесіне дейін №31 және №35 үйлерді қоса алғанда; Табиғат көшесінен (жұп жағымен) Самырсын көшесіне дейін; Самырсын көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін; Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылынан (солтүстік жағымен) Солтүстік айналма тас жолына дейін.
Шекаралары: Есентай өзенінің шығыс жағалауы бойымен солтүстікке қарай Воронеж көшесі № 56 үйге дейін; Воронеж көшесі № 56 үйден шығыс бағытта Павлодар көшесі №№ 133А, 108 үйлерді, Мещерский көшесі № 86 және № 79 үйлерді қоса алғанда (оңтүстік жағы); Мещерский көшесі № 79 үйден оңтүстік бағытта №№ 81, 83, 85, 89, 91, 93, 95, 99, 99А үйлерді қоса алғанда Павлодар көшесіне дейін; Павлодар көшесінен Мұқатай көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай, Айнабұлақ-3 шағын ауданы №№ 142, 143, 143А, 144, 145, 147, 149, 150, 151, 152, 154, 155, 156, 157, 161, 162 тұрғын үйлерді қоса алғанда.
Шекаралары: Колпаковский көшесінен Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінің оңтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін; Жангелдин көшесінен батыс жағымен Бөлтірік Шешен көшесіне дейін; Бөлтірік Шешен көшесінің солтүстік жағымен Есенов көшесіне дейін; Есенов көшесінің батыс жағымен Колпаковский көшесіне дейін; Колпаковский көшесінің солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін.
Шекаралары: Жангелдин көшесінен батысқа қарай Баянауыл көшесінің солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен шығысқа қарай Гастелло көшесіне дейін; Гастелло көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Мусоргский көшесіне дейін; Мусоргский көшесінің солтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін; Жангелдин көшесінің шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін.
Шекаралары: Бурундай көшесінен Солтүстік айналма тас жолы бойымен батысқа қарай Жайсан көшесіне дейін (солтүстік жағы); Солтүстік айналма тас жолынан солтүстік бағытта Венера көшесіне дейін (шығыс жағы); Венера көшесінен солтүстік бағытта Феоктистов көшесіне дейін (шығыс жағы); Венера көшесінен Феоктистов көшесі бойымен батыс бағытта Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінің арнасымен солтүстік бағытта Дыбенко көшесіне дейін; Дыбенко көшесінен шығысқа қарай Ақсуат көшесімен оңтүстікке қарай Бурундай көшесіне дейін; Бурундай көшесімен (батыс жағымен) оңтүстік-батысқа қарай Солтүстік айналма тас жолына дейін.
Шекаралары: Есентай өзенінен Бурундай көшесімен батысқа қарай Алматы қаласының шекарасына дейін; Алматы қаласының шекарасымен солтүстікке қарай Талант көшесіне дейін; Талант көшесімен (екі жағы) Көкжиек шағын ауданының шекарасымен шығысқа қарай Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінен Феоктистов көшесімен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Венера көшесіне дейін; Феоктистов көшесінен Венера көшесімен оңтүстік бағытта Жайсан көшесіне дейін (батыс жағы); Венера көшесінен Жайсан көшесімен оңтүстік бағытта Солтүстік айналма тас жолына дейін; Жайсан көшесінен Солтүстік айналма тас жолы бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Бурундай көшесіне дейін, Есентай өзенімен қиылысқанға дейін.
Шекаралары: Сұлтанқарасу өзенінен Бурундай көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) одан әрі Жансүгіров көшесімен (батыс жағы) Великолукская көшесі № 53 үйге дейін; Великолукская көшесі № 53 үйден батыс бағытта Қожамьяров көшесіне дейін (солтүстік жағы); Қожамьяров көшесінен оңтүстік бағытта Сельская көшесіне дейін (батыс жағы); Сельская көшесімен №№ 27Б, 27А, 27 үйлерге дейін; Сельская көшесі №№ 27Б, 27А, 27 үйлерінен Палладин көшесі № 172А үйге дейін; Палладин көшесі № 172А үйден солтүстік бағытта Ермолова көшесі № 78 үйге дейін; Ермолова көшесі № 78 үйден шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Сұлтанқарасу өзеніне дейін Бурундай көшесі №№ 231, 221, 223, 173А/1 үйлерді қоса алғанда; Бурундай көшесі № 173А/1 үйден Сұлтанқарасу өзені бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Бурундай көшесіне дейін.
Шекаралары: Жансүгіров көшесі № 352 үйден батысқа қарай Великолукская көшесімен (оңтүстік жағы) Қожамьяров көшесі № 58 үйге дейін; Великолукская көшесінен оңтүстікке қарай Қожамьяров көшесімен (шығыс жағы) Сельская көшесіне дейін; Сельская көшесінен Қожамьяров көшесімен (екі жағы) Никольская көшесіне дейін; Никольская көшесінен батыс бағытта Сельская көшесімен сай арқылы Палладин көшесі № 174 үйге дейін (оңтүстік жағы); Палладин көшесі № 174 үйден оңтүстік бағытта Жұмабаев көшесіне дейін (шығыс жағы); Палладин көшесінен Жұмабаев көшесімен (солтүстік жағы) Беспаков көшесіне дейін; Беспаков көшесімен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен, үйлердің тақ жағымен, № 1-39 үйлерден шығысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесімен солтүстікке қарай № 352 үйге дейін.
Шекаралары: Брюсов көшесінен Казаков көшесімен солтүстік-шығысқа (оңтүстік-шығыс, шығыс жағы) Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесінен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылынан батысқа қарай (солтүстік жағы) Брюсов көшесіне дейін; Брюсов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Казаков көшесіне дейін.
Шекаралары: Есентай өзенінен Бурундай көшесінің оңтүстік жағымен, әрі қарай оңтүстікке қарай Бурундай көшесінің батыс жағымен Сұлтанқарасу өзеніне дейін; Бурундай көшесінен Сұлтанқарасу өзенінің арнасы бойымен Бурундай көшесінің № 173/20 үйге дейін батыс бағытта Бурундай көшесі № № 207А, 219, 235А үйлерді қоса алғанда (оңтүстік жағы) Павлодар көшесі № 75 үйге дейін; Павлодар көшесімен батыс бағытта Есентай өзеніне дейін (солтүстік жағы) Мещерский көшесі № 77 үйді, Павлодар көшесі № № 106, 133А үйлерді, Воронеж көшесі № 56А үйді қоса алғанда; Есентай өзенінен солтүстік бағытта Бурундай көшесіне дейін.
Шекаралары: Геологов көшесінен Талант көшесімен батыс бағытта (солтүстік жағы) Көкжиек шағын ауданы № 58Б үйге дейін қоса алғанда; Көкжиек шағын ауданы № 58Б үйден кварталаралық көше бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Көкжиек шағын ауданы № 60А үйге дейін қоса алғанда; Көкжиек шағын ауданы № 60А үйден кварталаралық көше бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Көкжиек шағын ауданы № 43А үйге дейін қоса алғанда; Көкжиек шағын ауданы № 43А үйден кварталаралық көше бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Геологов көшесіне дейін; Геологов көшесінен оңтүстік бағытта Талант көшесіне дейін.
Шекаралары: Алматы қаласының шекарасы бойымен (Талант көшесінен) солтүстікке қарай (шығыс жағы) Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінен Көкжиек шағын ауданы №18 үйге дейін батыс жағымен; бұдан әрі Көкжиек шағын ауданы №№ 19, 14, 7А, 7, 8Б үйлердің батыс жағымен Талант көшесіне дейін; Талант көшесінің бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Алматы қаласының шекарасына дейін.