Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 сентября 2019 года № 159 «Об утверждении Инструкции по организации автомобильных инкассаторских перевозок в Республике Казахстан»

Қаулы · № 21 · қабылданған 28.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2019-no-159/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 сентября 2019 года № 159 «Об утверждении Инструкции по организации автомобильных инкассаторских перевозок в Республике Казахстан» Күшін жойған 16.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 сентября 2019 года № 159 «Об утверждении Инструкции по организации автомобильных инкассаторских перевозок в Республике Казахстан»

Күшін жойған Қаулы № 21 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 сентября 2019 года № 159 «Об утверждении Инструкции по организации автомобильных инкассаторских перевозок в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21
Қабылданған күні
28.02.2022
Көрсетілген редакция
16.03.2026 165126_815855.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027072
ЭКБ идентификаторы
165126
Редакция идентификаторы
165126_815855
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:19
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық почта операторының (бұдан әрі – банктер), банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды (бұдан әрі – автомобильмен инкассаторлық тасымалдау) ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.»;
2-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) инкассация қызметі – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, инкассаторлық ұйымның, Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдауды, жинауды, жеткізуді, тасымалдауды, сақтауды және тапсыруды, сондай-ақ банкноттары, монеталары және құндылықтары бар клиентке ілесіп жүруді жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды инкассация қызметі басшысының немесе кезекші инкассатордың тапсырмасы бойынша инкассация қызметі қызметкерлерінің бригадасы жүзеге асырады.
Инкассация қызметі қызметкерлерінің бригадасы көлік құралының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бағыты және кестесі бойынша қозғалысын қандай да болсын ауытқуларсыз қамтамасыз етеді. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша тапсырманы орындауға байланысты емес адамдарды тасымалдау жүзеге асырылмайды.
Банктердің, инкассаторлық ұйымдардың көлік құралдарын банкноттар, монеталар және құндылықтар болып табылмайтын жүктерді тасымалдау үшін пайдалануына, сондай-ақ салонда газбен жабдықтаудың болуына немесе орнатылуына рұқсат етілмейді.»;
3-тарау алып тасталсын.

2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ж.Т. Қажымұратов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

СОГЛАСОВАНО
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан