Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2019 года № 189 «Об утверждении Правил формирования и использования мотивированного суждения»

Қаулы · № 37 · қабылданған 20.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2019-no-189/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2019 года № 189 «Об утверждении Правил формирования и использования мотивированного суждения» Қолданыста Қаулы ·№ 37 ·20.08.2025
20.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2019 года № 189 «Об утверждении Правил формирования и использования мотивированного суждения»

Қолданыста Қаулы ·№ 37 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2019 года № 189 «Об утверждении Правил формирования и использования мотивированного суждения»
Атауы (қаз.)
«Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
37
Қабылданған күні
20.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
31.08.2025
Көрсетілген редакция
20.08.2025 213666_780582.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036703
ЭКБ идентификаторы
213666
Редакция идентификаторы
213666_780582
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:42

0 «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-5-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-5-бабының 6-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) уәжді пайымдау - уәкілетті органның алқалы органның негізделген кәсіби пікірі, ол Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қадағалап ден қою шараларын қолдану және шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның іскерлік беделін бағалау кезінде мынадай жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар қаралады:
1) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, оның ішінде қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға әкеп соққан, төлем қабілетсіздігіне алып келген құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарысы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы.
Осы тармақша шеңберінде іскерлік беделді бағалау кезінде адамның Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген шығынды өтеу фактісінің болуы ескеріледі;
2) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген адамға қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы және қаржы ұйымының өмір бойы ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;
3) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға, оның ішінде қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне алып келген құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстық процеске айыпталушы не сотталушы ретінде қатысуы;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының не өзге мемлекет заңнамасының Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға айналысқан (айналысатын) кәсіби қызмет реттелетін талаптарының бұзылуы;
5) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық кәсіби стандарттардың әдеп, мүдделер қақтығысын алдын алу бөлігіндегі талаптарын орындаудан жалтаруы;
6) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі қызметі және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесінде болған кезеңде немесе оның осы заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі өкілеттіктері тоқтатылғаннан және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесі жойылғаннан кейін 2 (екі) жыл ішінде осы тұлға лауазымды тұлғасы және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) болып табылған заңды тұлғаның төлем жасауға қабілетсіз деп танылуы;
7) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғамен жасасқан еңбек шартының теріс себептер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы;
8) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның өзіне (өзінің жеке басына, кәсіби қызметіне, олармен үлестес тұлғаларға) немесе өзінің мүлкіне қатысты дәйексіз ақпаратты ұсынуы не осындай ақпаратты ұсынудан жалтаруы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сондай-ақ шет мемлекеттердің аумағында орын алатын (орын алған) жағдайларға, фактілерге және (немесе) жағдаяттарға қолданылады.».

2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы