О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»
- Атауы (қаз.)
- ««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 310/НҚ
- Қабылданған күні
- 01.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2023 184685_646484.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033226
- ЭКБ идентификаторы
- 184685
- Редакция идентификаторы
- 184685_646484
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:35
0 ««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. ««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Электрондық үкіметтің» архитектурасы акт-жобаларды тиімді басқару және оларды ЭҮ ИКП-да іске асыру мақсатында домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы клиентке бағдарланған архитектурасын қалыптастыруға арналған.
ЭҮ ИКП архитектурасын «электрондық үкімет» сервистік интегратормен және уәкілетті органмен келісім бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қалыптастырады және бекітеді.»;
6-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бизнес-процестің нысаналы нұсқасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі – цифрлық трансформация қағидалары) сәйкес мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін МО бизнес-процестерінің реинжинирингі;».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі