Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»

Бұйрық · № 310/НҚ · қабылданған 01.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2019-no-193-ekb-184685/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 310/НҚ ·01.08.2023
01.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 310/НҚ · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
310/НҚ
Қабылданған күні
01.08.2023
Көрсетілген редакция
01.08.2023 184685_646484.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033226
ЭКБ идентификаторы
184685
Редакция идентификаторы
184685_646484
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:35

0 ««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. ««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Электрондық үкіметтің» архитектурасы акт-жобаларды тиімді басқару және оларды ЭҮ ИКП-да іске асыру мақсатында домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы клиентке бағдарланған архитектурасын қалыптастыруға арналған.
ЭҮ ИКП архитектурасын «электрондық үкімет» сервистік интегратормен және уәкілетті органмен келісім бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қалыптастырады және бекітеді.»;
6-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бизнес-процестің нысаналы нұсқасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі – цифрлық трансформация қағидалары) сәйкес мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін МО бизнес-процестерінің реинжинирингі;».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы