Құжат мәтініне өту

О внесение изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»

Бұйрық · № 371/НҚ · қабылданған 26.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2019-no-193/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесение изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 371/НҚ ·26.06.2024
26.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесение изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 371/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесение изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 12 августа 2019 года № 193/НҚ «Об утверждении Правил формирования и мониторинга реализации архитектуры «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
371/НҚ
Қабылданған күні
26.06.2024
Көрсетілген редакция
26.06.2024 198244_708603.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034630
ЭКБ идентификаторы
198244
Редакция идентификаторы
198244_708603
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:51

0 «Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларына:
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. «Электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«17. МО Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерге сәйкес архитектурамен айқындалған АКТ жобаларды іске асыруды жүзеге асырады.»;
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«18. МО архитектурасы және жекелеген АКТ жобаларын іске асырудың тиімділігін, нәтижелілігі мен тәуекелдерін шынайы және объективті бағалауды жүргізу мақсатында Қағидаларға сәйкес архитектура порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді.»;
22-тармақтың 1)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) техникалық құжаттаманың Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 18950 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес және бекітілген архитектураға сәйкестігіне сараптама жасау;».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы