О снятии карантина и признании утратившим силу решения акима Жаркамысского сельского округа Байганинского района от 12 ноября 2019 года № 26 «Об установлении карантина»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина и признании утратившим силу решения акима Жаркамысского сельского округа Байганинского района от 12 ноября 2019 года № 26 «Об установлении карантина»
- Атауы (қаз.)
- Карантинді алу және Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 26 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 14.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2020 138832_439151.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CDC06713
- ЭКБ идентификаторы
- 138832
- Редакция идентификаторы
- 138832_439151
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:22
0 Карантинді алу және Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 26 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 2-8-05/172 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Қаражар ауылында орналасқан «Сарыирек» және «Байтау» шаруа қожалықтарында мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.
2
2. Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы №26 «Карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6451 тіркелген, 2019 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.