О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 12 ноября 2019 года № 40-3 «Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Жамбылской области (города, района)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 12 ноября 2019 года № 40-3 «Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Жамбылской области (города, района)»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24-5
- Қабылданған күні
- 30.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2025 213057_768540.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25G0036567
- ЭКБ идентификаторы
- 213057
- Редакция идентификаторы
- 213057_768540
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:00
0 «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4401 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларында:
27 және 28-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» төсбелгісін, куәлігін, ескерткіш лентасын тапсыру облыс (қала, аудан) әкімімен және тиісті мәслихат төрағасымен салтанатты жағдайда жүргізіледі.
28. Атақ беру туралы куәлікке облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Атақ беру мәселелері жөніндегі құжаттамаларды жүргізу және есепке алу, дипломдарды, куәліктерді және төсбелгілерді, ескерткіш ленталарын, облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет кітабын әзірлеу және ресімдеу, талапқа сай сақтау Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен (қала, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен) жүзеге асырылады. Облыстың (қаланың, ауданның) құрмет кітабын, төсбелгілер мен оларға куәліктерді, дайындау шығындарын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Құрмет кітабын жүргізу Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен (қала, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен) жүзеге асырылады.».