Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 12 декабря 2019 года № 444 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Уранкай в створе земельного участка (учетный квартал 05-079-001), расположенного в 0,145 км северо-западнее села Бестерек Уланского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования»

Қаулы · № 392 · қабылданған 02.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2019-no-444-05-079-001-0145/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 12 декабря 2019 года № 444 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Уранкай в створе земельного участка (учетный квартал 05-079-001), расположенного в 0,145 км северо-западнее села Бестерек Уланского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования» Қолданыста Қаулы ·№ 392 ·02.11.2020
02.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 12 декабря 2019 года № 444 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Уранкай в створе земельного участка (учетный квартал 05-079-001), расположенного в 0,145 км северо-западнее села Бестерек Уланского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования»

Қолданыста Қаулы ·№ 392 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 12 декабря 2019 года № 444 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Уранкай в створе земельного участка (учетный квартал 05-079-001), расположенного в 0,145 км северо-западнее села Бестерек Уланского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования»
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 444 «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
392
Қабылданған күні
02.11.2020
Көрсетілген редакция
02.11.2020 148367_490726.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0007784
ЭКБ идентификаторы
148367
Редакция идентификаторы
148367_490726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:58

0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 444 «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан

солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін
белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 444 «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6430 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы «___»_______________

8 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 2 қарашадағы
№ 392 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 444 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан
солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Бестерек ауылынан
солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы
05-079-001)
жер учаскесінің тұстамасы шегіндегі Ұранқай өзені (сол жақ жағалау)
0,125
2,1701
155-197
0,155
0,5335
35
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы