Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 12 августа 2020 года № 187 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в области лицензирования экспорта объектов животного мира и лесного хозяйства»

Бұйрық · № 268 · қабылданған 23.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2020-no-187-ekb-157293/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 12 августа 2020 года № 187 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в области лицензирования экспорта объектов животного мира и лесного хозяйства» Қолданыста Бұйрық ·№ 268 ·23.07.2021
23.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 12 августа 2020 года № 187 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в области лицензирования экспорта объектов животного мира и лесного хозяйства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 268 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 12 августа 2020 года № 187 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в области лицензирования экспорта объектов животного мира и лесного хозяйства»
Атауы (қаз.)
«Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
268
Қабылданған күні
23.07.2021
Көрсетілген редакция
23.07.2021 157293_539800.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023723
ЭКБ идентификаторы
157293
Редакция идентификаторы
157293_539800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:25

0 «Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21082 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар жəне
аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

1 Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 23 шілдедегі № 268
Бұйрыққа қосымша
«Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5 - қосымша
Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар

Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры
Олар­ға сәй­кес ке­ле­ті­нін рас­тай­тын құ­жат­тар*
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
Ба­лық және бас­қа су жа­ну­ар­ла­рын ие­ле­ну­дің, аула­удың заң­ды­лы­ғын рас­тау
Аула­у­мен ай­на­лы­са­тын тұ­лға­лар үшін – қай­дан аулан­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма; экс­порт­та­у­шы­лар үшін – шарт жа­са­су ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын аула­ным­ды са­тып алу­ды рас­тай­тын шарт(тар), ал бұ­дан бұ­рын им­порт­тал­ған аула­ным­ды экс­порт­та­ған жағ­дай­да - рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты
Ба­лық және бас­қа су жа­ну­ар­ла­ры экс­порт­тал­ған жағ­дай­да
2
Өсім­дік­тер дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін дай­ын­да­удың, жи­на­удың неме­се алу­дың негіз­де­у­ші ма­те­ри­ал­да­ры
Мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындысы бар био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме
Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры ау­ма­ғы­нан тыс жер­де дай­ын­дал­ған неме­се жи­нал­ған жағ­дай­да
Ор­ман және (неме­се) ағаш ке­су би­ле­ті
Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры ау­ма­ғын­да дай­ын­дал­ған неме­се жи­нал­ған жағ­дай­да
Ау­ма­ғын­да жа­байы өсе­тін өсім­дік­тер­ді дай­ын­дау, жи­нау жү­зе­ге асы­ры­л­ған мү­ше мем­ле­кет­тің уәкі­лет­ті ор­га­ны қо­ры­тын­ды­лар (рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­рын) бе­ру­ге бер­ген қо­ры­тын­ды (рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты
Ау­ма­ғын­да жа­байы өсе­тін өсім­дік­тер­ді дай­ын­дау және жи­нау жү­зе­ге асы­ры­л­ған мем­ле­кет бо­лып та­был­май­тын мү­ше мем­ле­кет­тің ау­ма­ғы­нан жа­байы өсе­тін өсім­дік­тер­ді әкет­кен жағ­дай­да

Қолданыстағы