О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 12 марта 2020 года № 46/290 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Есильском районе Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 12 марта 2020 года № 46/290 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Есильском районе Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 46/290 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 57/378
- Қабылданған күні
- 14.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2020 150071_499931.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SF006817
- ЭКБ идентификаторы
- 150071
- Редакция идентификаторы
- 150071_499931
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:04
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының
2020 жылғы 12 наурыздағы № 46/290 «Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 2-3 – тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 12 наурыздағы № 46/290 шешіміне (2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі»;
19-тармақ алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі»;
21- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«21. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.»;
22- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«22. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.»;
4 және 6-тараулардың тақырыптары келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
5-тарау. Қорытынды ереже»;
Қағидалардың 1 - қосымшасы осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
Қағидалардың 3 - қосымшасы осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
Қағидалардың 4 – қосымшасы алып тасталсын;
Қағидалардың 5 - қосымшасы осы шешімнің 3- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2020 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 57/378
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданында әлеуметтік көмек
көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына
1-қосымша
Р/с №
Атаулы күндер мен мереке күндері
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
1
15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні
Жылына 1 рет
2
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Жылына 1 рет
3
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні
Жылына 1 рет
4
7 мамыр – Отан қорғаушы күні
Жылына 1 рет
5
9 мамыр – Жеңіс күні
Жылына 1 рет
6
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Жылына 1 рет
7
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Жылына 1 рет
2 Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2020 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 57/378 шешіміне 2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданында әлеуметтік көмек
көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына
3-қосымша
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
1 1) жетімдік;
2 2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3 3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
4 4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5 5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
6 6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
7 7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
8 8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
9 9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
10 10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
11 11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
12 12) пробация қызметінің есебінде болу;
13 13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
14 14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;
15
15) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5 және 6- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеуге мұқтаждығы;
16
16) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5 және 6- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
17 17) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4- бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
18 18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;
18-1 18-1) Балаларда адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын аурудың болуы;
19
19) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5 және 6- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол, жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;
20 20) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын, мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредиттерінің иегерлері болмаған, аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттердің бар болуы.
3 Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2020 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 57/378 шешіміне 3 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданында әлеуметтік көмек
көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына
5-қосымша
20 жылғы «__»___________________
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай
_________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________.
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
Р/с №
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
Жұмыспен қамтылмау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірдегі қиын жағдай
1
2
3
4
5
6
7
8
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
_____________________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________.
Отбасының табысы:
Р/с №
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
1
2
3
4
5
6
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан
түскен мәлімделген табыс)
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________.
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан
түскен мәлімделген табыс)
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
_______________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
_______________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
___________________ ____________________________________
Комиссия мүшелері:
____________________ ____________________________________
_____________________ ____________________________________
_____________________ ____________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған актімен таныстым:
________________________________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
_________________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан
_________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
_________________________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______