О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 июня 2020 года № 463 «Об утверждении квалификационных требований к категориям должностей органов внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 июня 2020 года № 463 «Об утверждении квалификационных требований к категориям должностей органов внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 264
- Қабылданған күні
- 29.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2022 168719_580280.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22C0000264
- ЭКБ идентификаторы
- 168719
- Редакция идентификаторы
- 168719_580280
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:07
0 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143876 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.
C-SN-8
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің, жылдам қимылдайтын арнайы жасағының барлық атауларындағы инспекторы және инженері
жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.
Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).
».
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;