О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2021 года № 234 «Об утверждении Правил и критериев отнесения объектов к уязвимым в террористическом отношении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2021 года № 234 «Об утверждении Правил и критериев отнесения объектов к уязвимым в террористическом отношении»
- Атауы (қаз.)
- «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 933
- Қабылданған күні
- 07.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2024 202954_729050.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000933
- ЭКБ идентификаторы
- 202954
- Редакция идентификаторы
- 202954_729050
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:51
0 «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері: жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарды тауарлық газбен қамтамасыз ететін және осы тармақшаның өлшемшарттарына сай келетін газ бөлу станциялары; электр (50 МВт жоғары) және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар, орталықтандырылған жылумен жабдықтау (100 Гкал жоғары) (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, ЖЭО, МАЭС, ГЭС, ГТЭС, ЖЭС және қазандықтар) аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар, жүйелік оператордың 220 кВ және одан жоғары кіші станциялары; ауызсумен жабдықтау объектілері – саны 5000 (бес мың) адамнан асатын су тұтынушыларға ауызсу беруді қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары;».