Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 12 ноября 2021 года № 514 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области»

Қаулы · № 363 · қабылданған 15.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2021-no-514-ekb-170701/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 12 ноября 2021 года № 514 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» Қолданыста Қаулы ·№ 363 ·15.08.2022
15.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 12 ноября 2021 года № 514 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 363 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 12 ноября 2021 года № 514 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
363
Қабылданған күні
15.08.2022
Көрсетілген редакция
15.08.2022 170701_587566.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22N000363A
ЭКБ идентификаторы
170701
Редакция идентификаторы
170701_587566
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:37

0 Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаумен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Қостанай облысының аумағында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастырады;»;
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаумен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етеді;»;
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаумен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) пана іздеген адамның куәлігін береді;
24-2) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
24-3) босқын куәлігін береді;».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарына хабарлауды;

2

2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы