О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 12 ноября 2021 года № 7С10-4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Егиндыкольском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 12 ноября 2021 года № 7С10-4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Егиндыкольском районе»
- Атауы (қаз.)
- Егіндікөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 7С10-4 «Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8C7-5
- Қабылданған күні
- 12.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2024 186368_720824.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BH862303
- ЭКБ идентификаторы
- 186368
- Редакция идентификаторы
- 186368_720824
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:52
0 Егіндікөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 7С10-4 «Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 7С10-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25358 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Егіндікөл ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) есептеледі.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 10 пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.».