О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения исполняющего обязанности акима Переметнинского сельского округа района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 12 марта 2021 года №34 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Каражар Переметнинского сельского округа района Бәйтерек»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения исполняющего обязанности акима Переметнинского сельского округа района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 12 марта 2021 года №34 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Каражар Переметнинского сельского округа района Бәйтерек»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 наурыздағы №34 «Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Қаражар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 18.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2021 160415_545518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21ZGA25283
- ЭКБ идентификаторы
- 160415
- Редакция идентификаторы
- 160415_545518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:48
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 наурыздағы №34 «Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Қаражар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 қараша № 10-12-391 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Қаражар ауылының аумағына жататын мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 наурыздағы №34 «Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Қаражар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6848 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.