О внесении изменения и дополнений в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12 августа 2022 года № 17-3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аккайынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12 августа 2022 года № 17-3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аккайынском районе»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3 «Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-2
- Қабылданған күні
- 26.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2024 182571_693113.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23SB752515
- ЭКБ идентификаторы
- 182571
- Редакция идентификаторы
- 182571_693113
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:44
0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының
2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3
«Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29128 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
1-тармақта:
бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
6-1 «6-1. Уәкілетті орган тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
10 «10. Тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда тоқтатылады:
1 1) алушының қайтыс болуы;
2 2) алушының Аққайың ауданынан тыс тұрақты тұруға шығуы;
3 3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
4 4) өтініш беруші ұсынған дұрыс емес мәліметтерді анықтау.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: