Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 мая 2022 года № 265 «Об утверждении Методики мониторинга промышленно-инновационных проектов единой карты индустриализации»

Бұйрық · № 54 · қабылданған 18.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2022-no-265-ekb-207215/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 мая 2022 года № 265 «Об утверждении Методики мониторинга промышленно-инновационных проектов единой карты индустриализации» Қолданыста Бұйрық ·№ 54 ·18.02.2025
18.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 мая 2022 года № 265 «Об утверждении Методики мониторинга промышленно-инновационных проектов единой карты индустриализации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 54 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 мая 2022 года № 265 «Об утверждении Методики мониторинга промышленно-инновационных проектов единой карты индустриализации»
Атауы (қаз.)
«Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
54
Қабылданған күні
18.02.2025
Көрсетілген редакция
18.02.2025 207215_745523.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035736
ЭКБ идентификаторы
207215
Редакция идентификаторы
207215_745523
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:04

0 «Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28102 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесінде:
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистикалық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2025 жылғы
18 ақпандағы № 54
Бұйрыққа қосымша
Бірыңғай
индустрияландыру
картасының өнеркәсіптік-
инновациялық жобаларын
мониторингтеу
әдістемесіне
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/comprom.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БИКЖА-1.
Кезеңділік: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20 ____ жылғы __________.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қызметі өңдеу өнеркәcіппен байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: шаруашылық жүргізуші субъектілер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін.
ЖСН/БСН:
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі (қағаз тасығышта, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз тасығышта пайдалана отырып, интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде): электронды түрде.

Жо­ба­ның ата­уы
Жо­ба­ның өті­ніш бе­ру­ші­сі
БСН
Ин­ве­сто­ры, елі, үле­сі
Қыз­ме­ті өң­де­у­ші өнер­к­ә­сіп­пен бай­ла­ны­сты жа­у­ап­ты ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­ле­рі (бұ­дан әрі – ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер), аудан­дар­дың (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (әкім­дік­те­рі), об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (әкім­дік­те­рі)
Жо­ба­ның мақ­са­ты
ЭҚ­ЖЖ
Са­ла­сы
Об­лы­сы, қа­ла­сы, ауда­ны
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер сы­нып­та­уы-
шы бой­ын­ша ко­ды
Көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру ша­ра­ла­ры
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
ша­ра тү­рі­нің ата­уы
құн­дық кө­рі­ні­сін­де­гі өл­ше­мі, мил­ли­он тең­ге
құ­ры­лыс ке­зе­ңін­де
пай­да­ла­ну ке­зе­ңіне
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
нысанның жалғасы
Жо­ба­ға жос­пар­лан­ған ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге
Жо­ба­ға нақ­ты ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге
Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі, мил­ли­он тең­ге
Шы­ға­ры­ла­тын өнім­нің ата­уы
Жал­пы кө­ле­мі
жыл­дар бой­ын­ша
Жал­пы кө­ле­мі
жыл­дар бой­ын­ша
мен­шік­ті қа­ра­жат, мил­ли­он тең­ге
қарыз қа­ра­жа­ты, мил­ли­он тең­ге
бюд­жет қа­ра­жа­ты, мил­ли­он тең­ге
16
17
18
19
20
21
22
23
нысанның жалғасы
Жобалық қуаты
Күні
Жылдар бойынша өндірілген өнім көлемі
Ағымдағы жағдайы
Өтініш берушінің байланыс деректері (Т.А.Ә., телефон)
заттай көріністе
құндық мәнде, миллион теңге
құрылыстың басталуы (СС.АА.ЖЖ.)
пайдалануға беру (СС.АА.ЖЖ.)
заттай көріністе
құндық мәнде, миллион теңге
24
25
26
27
28
29
30
31
Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшаға келтірілген.
Атауы
Наименование
_________________________________
_________________________________
Мекенжайы
Адрес
_____________________________
_____________________________
Телефоны
Телефон______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы/Адрес электронной почты
______________________________________________________________
Орындаушы
Исполнитель___________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)фамилия, имя и отчество (при его наличии)
_______________
қолы, телефоны
подпись, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
_________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
___________
қолы
подпись
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства) _______________________

1 «Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

«Бірыңғай индустрияландыру
картасының жобалары
бойынша ақпарат»
әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде
жинауға арналған
нысанға қосымша
«Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат»
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2

2. Нысанды қызметі өңдеуші өнеркәсіппен байланысты жауапты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) толтырады.

3 3. Нысанға орындаушы мен басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

4 4. Нысанды Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне:

шаруашылық жүргізуші субъектілер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсынады.

5 5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

6 6. Нысанның 1- бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі.

7 7. Нысанның 2-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.

8 8. Нысанның 3-бағанында жобаның өтініш берушісі көрсетіледі.

9 9. Нысанның 4-бағанында жобаның өтініш берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

10 10. Нысанның 5-бағанында «Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар» 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес елді және жарғыға сәйкес жобаға қатысу үлесін көрсете отырып, инвестор көрсетіледі.

11

11. Нысанның 6-бағанында жобаны іске асыруға жауапты өңдеуші өнеркәсіппен байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) көрсетіледі.

12 12. Нысанның 7-бағанында жобаның мақсаты – жаңа өндіріс немесе өндірісті кеңейту және/немесе жаңғырту көрсетіледі.

13 13. Нысанның 8-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) көрсетіледі.

14 14. Нысанның 9-бағанында жоба саласы көрсетіледі.

15 15. Нысанның 10-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес жоба іске асырылатын облыс, қала, аудан көрсетіледі.

16 16. Нысанның 11-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша код көрсетіледі.

17 17. Нысанның 12-бағанында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шарасы түрінің атауы көрсетіледі.

18 18. Нысанның 13-бағанында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары құндық мәнінде миллион теңгемен көрсетіледі.

19 19. Нысанның 14-бағанында жобаны салу кезеңінде құрылған немесе жоспарланатын жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

20 20. Нысанның 15-бағанында жобалау құжаттамасына немесе жобаның паспортына сәйкес пайдалану кезеңінде құрылған не жоспарланатын жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

21 21. Нысанның 16-бағанында жобаға инвестициялардың жалпы жоспарланған көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

22 22. Нысанның 17-бағанында жобаға инвестициялардың жылдар бойынша жоспарланған көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

23 23. Нысанның 18-бағанында жобаға инвестициялардың жалпы нақты көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

24 24. Нысанның 19-бағанында жобаға инвестициялардың нақты көлемі жылдар бойынша миллион теңгемен көрсетіледі.

25 25. Нысанның 20-бағанында жобаға меншік қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.

26 26. Нысанның 21-бағанында екінші деңгейдегі банктердің қарыз қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.

27 27. Нысанның 22-бағанында мемлекеттік ынталандыру шаралары операторларының және ұлттық компаниялардың бюджет қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.

28 28. Нысанның 23-бағанында жоба шеңберінде шығарылатын өнімнің атауы көрсетіледі.

29 29. Нысанның 24-бағанында өлшем бірліктерін көрсете отырып, жобалық құжаттамаға немесе жобаның паспортына сәйкес жобаның заттай көріністегі қуаты көрсетіледі.

30 30. Нысанның 25-бағанында жобалық құжаттамаға немесе жобаның паспортына сәйкес жобаның құндық көрінісіндегі қуаты миллион теңгемен көрсетіледі.

31 31. Нысанның 26-бағанында жоба құрылысының басталған күні көрсетіледі.

32 32. Нысанның 27-бағанында пайдалануға беру актісіне немесе жабдықты қабылдау актісіне сәйкес жобаны пайдалануға беру күні көрсетіледі.

33 33. Нысанның 28-бағанында жыл бойынша өлшем бірліктерін көрсете отырып, өндірілген өнімнің заттай көріністегі көлемі көрсетіледі.

34 34. Нысанның 29-бағанында жылдар бойынша құндық мәнде өндірілген өнімнің көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

35 35. Нысанның 30-бағанында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі, жабдықты жеткізу және монтаждау және жүргізілген немесе жоспарланған жұмыстар, инвестицияларды игеру және/ немесе қуаттарды игеру бойынша ақпаратты қамтитын жобаның ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.

36 36. Нысанның 31-бағанында жобаның өтініш берушісінің байланыстары (Т.А.Ә., телефон) көрсетіледі.

37 37. Нысанның 5, 11, 12, 19, 20, 21, 27, 28-бағандары тиісті ақпарат болған кезде толтырылады.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

1 1) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

2 2) ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі.

3 3) Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).

4 4) ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

Қолданыстағы