Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2022 года № 4 «Об утверждении Правил оценки особых образовательных потребностей»

Бұйрық · № 104 · қабылданған 06.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2022-no-4/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2022 года № 4 «Об утверждении Правил оценки особых образовательных потребностей» Қолданыста Бұйрық ·№ 104 ·06.05.2025
06.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2022 года № 4 «Об утверждении Правил оценки особых образовательных потребностей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 104 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2022 года № 4 «Об утверждении Правил оценки особых образовательных потребностей»
Атауы (қаз.)
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
104
Қабылданған күні
06.05.2025
Көрсетілген редакция
06.05.2025 209880_757150.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036082
ЭКБ идентификаторы
209880
Редакция идентификаторы
209880_757150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:35

0 «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын және бағдарламаларын бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағдарламалары бекітілсін.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына 1-қосымша»;
осы бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 72) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі келесіні:
1) мұғалімнің (тәрбиешінің) әрбір білім алушының (тәрбиеленушінің) әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылауды, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесі барысында ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) анықтауды;
2) психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының ата-аналардың (заңды өкілдерінің) келісімімен оқыту қиындықтары бар балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін тереңдете зерделеуді және бағалауды;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (бұдан әрі – ПМПК) ерекше білім беру қажеттіліктерін оқытуда айқын қиындықтары бар балаларды тереңдетіп тексеру нәтижелері бойынша бағалауды;
4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, оңалту орталықтарында және аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтарында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін пәнаралық ұжымдық бағалауды қамтиды.»;
9-тармақта:
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) оқытудың вариативті, арнайы және балама әдістерін пайдалану;»;
10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«10) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында жүріп-тұруында қиындықтары бар мүгедек балалар үшін жеке көмекшісінде.».

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағдарламалары

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 6 мамырдағы
№ 104
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 12 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
2-қосымша
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағдарламалары

1 1. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі оқуда қиындықтары бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін мынадай параметрлер бойынша бағалайды:

1 1) когнитивтік және орындаушылық функциялар (зейін, есте сақтау, ойлау, ақпаратты өңдеу жылдамдығы, жоспарлау, өзін-өзі бақылау);

2 2) сөйлеуді дамыту (лексика, грамматика, байланыстырып сөйлеу, сөйлеуді түсіну, фонематикалық түсініктер, сөйлеу қарқыны мен ырғағы);

3 3) оқу (оқу дәлдігі, жылдамдығы, мәтінді түсіну), жазу (орфография, каллиграфия, графомоторлық дағдылар) және санау (арифметикалық операциялар, логикалық ойлау) дағдыларының болуы/болмауы;

4 4) эмоционалды-еріктік сала (мазасыздық деңгейі, оқу мотивациясы, барлық психикалық процестердің ерікті реттелуінің дамуы, қозу мен тежелу процестерінің теңгерімсіздігі);

5 5) мектепке бейімделу (оқу қызметіне қабілеттілік, нұсқауларды орындау, еліктеу, мұғалімдермен және сыныптастармен өзара әрекеттесу);

6 6) сенсорлық және моторлық жүйе (көру және есту қабылдауы, моторика, сенсорлық тітіркендіргіштерге сезімталдық, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары);

7 7) отбасындағы әлеуметтік проблемаларды анықтау.

2 2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация оқуда айқын қиындықтары бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін мынадай параметрлер бойынша бағалайды:

1

1) коммуникация және әлеуметтік өзара әрекеттесу (қарым-қатынасқа қызығушылық пен ұмтылыс, есімге жауап қайтару, ортақ назар реакциясы, жақын адамдармен эмоциялық ойындар, сөздік қатынасқа реакция, ата-анамен, жақындарымен, құрдастарымен өзара әрекеттесу, қарым-қатынас құралдарын қолдану, психологиялық жаңа құрылымдар, диалог жүргізуге деген ынта мен қабілет);

2

2) эмоционалдық-еріктік сала және мінез-құлық (эмоциялардың сәйкестігі, эмоциялардың әртүрлілігі мен көрініс табу деңгейі, мақұлдау мен ескертуге, табыс пен сәтсіздікке реакциялар, өз әрекетінің нәтижелеріне сын көзбен қарау, ерік-жігерді жұмсауға қабілеттілік, эмоционалды-мінез-құлықтық көріністер);

3 3) басым іс-әрекеттің дамуы (ерте жастағы балалар үшін – заттар мен ойыншықтарға қызығушылық, заттармен әрекет етуінің сәйкестігі, ойын әрекеттерінің әртүрлілігі, бірлескен ойынға қатысу, өз қызметін ұйымдастыра білу, эмоционалдық реакциялар);

4 4) ойын қызметін бағалау (мектеп жасына дейінгі балалар үшін – ойынға қызығушылығы мен қажеттілігінің болуы, ойынның жас ерекшелігіне сәйкестігі, ойын әрекеттерінің әртүрлілігі мен мазмұндылығы, рөлдік мінез-құлық, құрдастарымен өзара әрекеттестігі);

5 5) баланың психикалық әрекеті мен мінез-құлқының белсенділігі және ерекшеліктері (мектеп жасындағы балалар үшін – тапсырмаларға қызығушылығы, әрекет қарқыны);

6 6) ақыл-ой дамуы (ерте жастағы балалар үшін), танымдық әрекет (мектеп жасына дейінгі балалар үшін), зияткерлік әрекет (мектеп жасындағы балалар үшін), жоғары психикалық функциялардың ерекшеліктері және/немесе бұзылыстары (қажет болған жағдайда);

7 7) оқу әрекеті (мектеп жасындағы балалар үшін – оқу бағдарламасы бойынша білімдері мен дағдыларының қалыптасуы, оқу мотивациясы, ерік-жігерді реттеу, мақсат қоя білу, жоспарлау, бақылау, оқу әрекетінің нәтижелеріне эмоционалдық көзқарасы);

8

8) сөйлеуді дамыту (ерте жастағы балалар үшін – сөйлеуге дейінгі даму, сөздік қорының қалыптасуы, дыбысты дұрыс айту, сөйлеуді түсіну, фразалық сөйлеуге көшу, коммуникативтік функциясы, сөйлеудің танымдық және реттеуші функциялары; мектеп жасына дейінгі балалар үшін – дыбысты дұрыс айту және сөздердің құрылымы, фонематикалық қабылдау, сөздік қоры, фразалық сөйлеу, байланыстырып сөйлеу; мектеп жасындағы балалар үшін – дыбысты айту мен буын құрылымының бағалануы, сөйлеуді түсіну деңгейі, сөздік қоры, грамматикалық құрылымы, фразалық, байланыстырып және жазбаша сөйлеу, оқу жылдамдығы мен дұрыстығы, оқығанын түсіну, жазу деңгейі және қателері).

9 9) сенсорлық және қозғалыс функциялары (есту және көру функцияларының сақталуы, сенсорлық ақпаратты өңдеу, ірі және ұсақ моториканың дамуы мен жай-күйі, есту, көру және қозғалыс функциялары);

10 10) әлеуметтік дамуы (әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар, қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу қабілеті, отбасындағы әлеуметтік проблемалардың болуы, мінез-құлық ережелерін сақтау дағдысы, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік көмекке мұқтаждық).

Қолданыстағы