О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 07.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2022 172770_596218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22M0030125
- ЭКБ идентификаторы
- 172770
- Редакция идентификаторы
- 172770_596218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:34
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспеcі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 2-тармағы 7-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».