Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»

Қаулы · № 187 · қабылданған 23.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2022-no-51-ekb-189401/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы» Қолданыста Қаулы ·№ 187 ·23.11.2023
23.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»

Қолданыста Қаулы ·№ 187 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
187
Қабылданған күні
23.11.2023
Көрсетілген редакция
23.11.2023 189401_667912.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23M000187A
ЭКБ идентификаторы
189401
Редакция идентификаторы
189401_667912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:27

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспеcі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 2-тармағы 7-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

4 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 187 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысының әкімдігінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 51 қаулысына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны(теңге)
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары
10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы
Ауыл
25059
58084
107261
88603
Қала
20808
51983
94550
78435

Қолданыстағы