О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 12 апреля 2022 года № 51 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»
- Атауы (қаз.)
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 08.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2025 209110_752798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25M000090A
- ЭКБ идентификаторы
- 209110
- Редакция идентификаторы
- 209110_752798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:09
0 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1, 2 қосымшалар осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы «08» сәуірдегі
№ 90 қаулысына
1 қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2022 жылғы «12» сәуірдегі
№ 51 қаулысына
1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары
10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар топтары
Ауыл
26 052
70 625
129 884
107 093
Қала
23 463
62 775
113 530
94 009
5 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы «08» сәуірдегі
№ 90 қаулысына
2 қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2022 жылғы «12» сәуірдегі
№ 51 қаулысына
2 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы
Тәрбиеленушілер саны
Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)
Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)
Ақтау қаласы
20 240
754,60
847,04
Жаңаөзен қаласы
8 757
663,3
806,05
Бейнеу ауданы
2 917
722,78
847,78
Қарақия ауданы
2 027
833,69
990,90
Маңғыстау ауданы
2 245
688,92
868,92
Мұнайлы ауданы
10 185
715,40
855,95
Түпқараған ауданы
3 144
722,78
847,78