О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 12 мая 2022 года № 835 «Об утверждении субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год»
Қолданыста
Қаулы
·№ 2074
·
18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 12 мая 2022 года № 835 «Об утверждении субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год»
- Атауы (қаз.)
- «2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2074
- Қабылданған күні
- 12.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2022 173116_597569.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22E0030237
- ЭКБ идентификаторы
- 173116
- Редакция идентификаторы
- 173116_597569
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:30
0 «2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28043 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 12 қазандағы
№ 2074
қаулысына қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 835 қаулысына 3 - қосымша
2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажетті барлық қаржы көлемі,
мың теңге
оның ішінде:
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
элиталық
көшеттер
20 480,0
5 871,4
14 608,6