Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 12 июля 2023 года № 107-1367 «Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования города Астаны»

Қаулы · № 107-3072 · қабылданған 03.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2023-no-107-1367/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 12 июля 2023 года № 107-1367 «Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования города Астаны» Қолданыста Қаулы ·№ 107-3072 ·03.09.2025
03.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 12 июля 2023 года № 107-1367 «Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования города Астаны»

Қолданыста Қаулы ·№ 107-3072 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 12 июля 2023 года № 107-1367 «Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудыұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 107-1367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107-3072
Қабылданған күні
03.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
03.09.2025
Көрсетілген редакция
03.09.2025 223960_822956.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25ABW1073A
ЭКБ идентификаторы
223960
Редакция идентификаторы
223960_822956
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:30

0 «Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 107-1367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысының 5 тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 107-1367 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тегін тамақтану ұйымдастырылсын:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектігі бар балаларға, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;
4-тармақ алынып тасталсын.

2 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы