О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 11-1-4/291 «Об утверждении Положения о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 11-1-4/291 «Об утверждении Положения о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/107
- Қабылданған күні
- 27.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2025 207500_747648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25IY111410
- ЭКБ идентификаторы
- 207500
- Редакция идентификаторы
- 207500_747648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:53
0 «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы «27» ақпандағы
№ 11-1-4/107 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 11-1-4/291 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 214-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының (бұдан әрі дипломатиялық қызмет персоналы) өкілдік керек-жарағының заттарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек–жарағының заттары құнының ақшалай төлем шарттарын айқындайды.
2 2. Өкілдік керек–жарақ дипломатиялық қызмет персоналының қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүруі үшін арналған дипломатиялық этикеттің қажетті элементі.
3 3. Дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы заттары құнының жыл сайынғы біржолғы ақшалай төлемі (бұдан әрі – төлем) өкілдік керек-жарақты сатып алуға не жалға алуға және тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуіне қарай дипломатиялық қызмет персоналына төленеді.
2 2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарақ заттары
4 4. Дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек–жарағының мынадай заттары белгіленеді:
ерлер үшін: пальто, плащ, күртеше, костюм, фрак, смокинг, белбеу (оның ішінде белдік), кеудеше, пиджак, шалбар, жилет, галстук (оның ішінде галстук-бабочка), жейде, бас киім, қолғап, аяқ киім;
әйелдер үшін: пальто, плащ, күртеше, костюм, пиджак, жилет, шалбар, белдемше, көйлек, жейде (оның ішінде әйелдер жейдесі), бас киім, қолғап, аяқ киім.
Дипломатиялық қызмет персоналы төлемінің белгіленген мөлшері шегінде сатып алынатын не жалға алынатын өкілдік керек-жарақ заттарының санын дербес айқындайды.
5 5. Дипломатиялық қызмет персоналы өкілдік керек–жарақ заттарын дайын бұйымдарды сатып алу не жеке тіктіру жолымен сатып алады.
Дипломатиялық қызмет персоналының төлемінің белгіленген мөлшері шегінде өкілдік керек-жарақ заттарын жалға алуына жол беріледі.
6 6. Өкілдік керек-жарақ заттарын сатып алу және жалға алу төлемі жыл ішінде жүзеге асырылады.
3 3-тарау. Төлемді жүзеге асыру шарттары
7
7. Сыртқы істер министрлігінде (әрі қарай – Министрлік ) не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемеге жұмысқа жаңадан қабылданған дипломатиялық қызмет персоналына төлем Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына тағайындалған күннен бастап Министрлікте және(немесе) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерде бір жыл жұмыс істегеннен кейін төлем жүзеге асырылады.
8
8. Егер Министрлікке не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа қайта қабылданған дипломатиялық қызмет персоналы бұрын Министрлікте және (немесе) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде дипломатиялық қызмет атқарған жағдайда, төлем оның Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында бір жылдан астам жұмыс өтілі бар болса, оған дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына тағайындалған күннен бастап төленеді.